Алматы облысында құны 10 млн теңгелік қымбат қару табылды

Алматы облысында құны 10 млн теңгелік қымбат қару табылды
Cурет: Qazaqstan.tv

Қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

Ішкі істер министрлігінің жедел іздестіру іс-шаралары кезінде облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан қару-жарақ сақталған орынды анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Табылған заттардың ішінде қолға тие бермейтін қымбат металдан жасалған қару да бар. Тексеру барысында бұдан бөлек, 2 мылтық карабині, Макаров тапаншасының 10 оғы тәркіленген. Ол «Қорған» қару дүкеніне тиесілі болуы мүмкін.