Алматы облысында көшеде көкпар ұйымдастырғандар ұсталды

Алматы облысында көшеде көкпар ұйымдастырғандар ұсталды
Сурет: Almaty.tv

10 адам ұсталып, жауапкершілікке тартылды.

24 шілде күні Алматы облысының Талғар қаласында көшеде көкпар тартқандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«50 жастағы Кеңдала ауылының тұрғыны өзінің туған күніне орай көкпар ұйымдастырған. Бірақ шара әкімдікпен келісілмеген. Көкпар ойыны қыстақтан басталып, қаланың көшесінде жалғасып кеткен. Көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғандардың барлығы анықталды. 10 адам ұсталып, ҚР Әкімшілік кодекстің 434, 593 және 614-баптары бойынша жауапкершілікке тартылды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.