Алматы облысында колонияға 12 телефон өткізбек болған ер адам ұсталды

Алматы облысында колонияға 12 телефон өткізбек болған ер адам ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Тыйым салынған заттарды өткізуге тырысқан ер адам бұрын істі болған.

Алматы облысы Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері Заречный кентінде ЛА-155/14 колониясына тыйым салынған заттарды өткізбек болған азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұрын сотты болған ер адамнан ішінде 12 телефон бар скотчпен оралған төрт бума табылып, тәркіленді. Оқиға орнына Қонаев қалалық ІІБ-ның тергеу-жедел тобы жұмылдырылды. Бұған дейін ер адам сол мекемеде жазасын өтеген.