Алматы облысында колония аумағына есірткі лақтырмақ болған адам ұсталды

Алматы облысында колония аумағына есірткі лақтырмақ болған адам ұсталды
Сурет: Polisia.kz

 ЛА-155/12 мекемесіне есірткі лақтыруға тырысқан ер адам 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/12 қауіпсіздігі жоғары мекемесінде “марихуана” есірткі затын аумаққа лақтыру фактісінің алдын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

25 қыркүйекте ЛА-155/12 мекемесінің іргелес аумағында патрульдеу кезінде жедел бөлімнің қызметкерлері және 3660 әскери қызметшілері 21 жастағы Ю. есімді азаматты ұстады, оны жеке тексеру кезінде белгісіз жасыл түсті заты бар скотчпен оралған бір түйіншек табылды.

«Аталған факті бойынша Қапшағай қаласының полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақырылды. Сот-химиялық сараптама нәтижелері бойынша пакетте салмағы 48.75 грамм “марихуана” есірткі заты екені белгілі болды. Ю.есімді ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 1-бөлігінде көзделген есірткі заттарын заңсыз жібергені немесе өткізгені үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын күтуде.