Алматы облысында көкпаршылар 10 тәулікке қамалды

Алматы облысында көкпаршылар 10 тәулікке қамалды
Сурет: Qazaly.kz

Бұған дейін әлеуметтік желіде көкпаршылардың үйлердің ауласына дейін кіріп кеткен видеосы тараған.

Сот Талғарда көкпар ұйымдастырушылар мен қатысушыларын 10 тәулікке қамау туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мұндай ұлттық ойындар адам өміріне қауіп төндірмейтін арнайы орындарда ұйымдастырылуы тиіс екенін атап өтті

«Тәртіп бұзушылар үш әкімшілік бап бойынша (ұсақ бұзақылық, көлік транспортының қозғалысына кедергі жасау, жолаушылар мен жүк тасымалдау ережесін бұзу) жауапқа тартылды және 10 тәулікке қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Көкпар қатысушылары видеоүндеу жариялап, тұрғындардан кешірім сұрады.

Полиция мұндай ұлттық ойындар адам өміріне қауіп төндірмейтін арнайы орындарда ұйымдастырылуы тиіс екенін атап өтті.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеода шабандоздардың көшеде ойнап, үйлердің ауласына дейін кіріп кеткені көрініп тұр. Соның салдарынан көлік кептелісі болды. Аулада тұрған көліктерге зақым келген.