Алматы облысында қару-жарақ жасырылған орын табылды

Алматы облысында қару-жарақ жасырылған орын табылды
Сурет: Polisia.kz

Көліктегі полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласының маңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жасырын орыннан қару-жарақ тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Құрылыс қалдықтарының үйіндісі аумағында теріге оралған 4 тегіс ұңғылы аңшылық мылтық пен 12 калибрлі 22 патрон тауып, тәркіленді.

«Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді ҚР ІІМ Көліктегі ПД бастығы Оңал Бекеев.