Алматы облысында қар көшкіні жүріп, тас жолды басып қалды

Қар массасы аудан орталығынан Есік көліне апаратын жолдың бір бөлігін жауып тастады
Бүгін таңертең Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Есік көліне баратын тас жолдың 13-ші шақырымында қар көшкіні жүріп, жолды жауып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, түскен қардың көлемі – 175 текше метр.
«Қар массасы аудан орталығынан Есік көліне апаратын жолдың бір бөлігін жауып тастады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар. Қар көшкіні түнде жауған жауын-шашын мен жылымықтың салдарынан өздігінен түсті», - деп хабарлайды «Қазселденқорғай» ММ баспасөз қызметінен.
Мамандар қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан беткейлерге шығуды ұсынбайды, сондай-ақ алдағы күндері тауға шықпауға шақырады.
Еске салайық, 6 наурыз күні Алматы тауында да қар көшкіні жүрген болатын.