Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол уақытша ұстау изольяторына тоғытылды.

13 сәуірде Ұйғыр ауданының полициясына қызының зорланғаны жайында жергілікті тұрғын арызданған болатын. Бұл дерек ҚР ҚК 120-бабының белгілері бойынша тіркелді.


"Аталған деректі тексеру шеңберінде бірқатар сот-медициналық сараптамаларды тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін тараптардың дәлелдері жан-жақты, толық және объективті деңгейде тексерілетін болады", - делінген хабарламада. 


ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, сондай-ақ тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.