Алматы облысында инженерлік әскерлер бөлімшелерінің халықаралық жиыны өтуде

Алматы облысында инженерлік әскерлер бөлімшелерінің халықаралық жиыны өтуде
Сурет: Gov.kz

Инженерлік бөлімшелердің бірлескен жиыны 23 маусымға дейін жалғасады.

«Берег» полигонында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қарулы Күштері инженерлік әскерлері бөлімшелерінің бірлескен жиыны басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz7

«Іс-шараға Беларусь, Қазақстан және Ресейдің әскери қызметшілері қатысуда. Жиынға Қазақстан әскері атынан инженерлік-саперлік құраманың әскери қызметшілері қатысып отыр», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Сапер мамандар теориялық білімдерін іс жүзінде бекітіп, тактикалық-арнайы және арнайы дайындықтар бойынша нормативтерді орындайды.

Жиын барысында Іле өзені арқылы паромдық өткел жүргізу, робототехникалық кешендерді қолдана отырып, жол учаскесін және объектілерді минасыздандыру секілді инженерлік қамтамасыз ету тапсырмалары бірлесіп пысықталатын болады.

Инженерлік бөлімшелердің бірлескен жиыны 23 маусымға дейін жалғасады.