Алматы облысында есірткі сақтаған екі ер адам ұсталды

Алматы облысында есірткі сақтаған екі ер адам ұсталды
Сурет: Olympic.kz

Қонаев қаласы ПБ ЖПҚБ және ОКПБ қызметкерлері Chana көлігінен есірткі тапты.

Автокөлікті тінту барысында салмағы 15 келіден асатын марихуана өсімдік тектес заты тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлімі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қонаев қаласы Полиция басқармасының полицейлері есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды транзиттік тасымалдау арналарын жабу, сондай-ақ есірткі құралдарын сақтаумен және таратумен айналысатын адамдардың қылмыстық әрекеттерін анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдауда.