Алматы облысында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытыланды

Алматы облысында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытыланды
Сурет: Polisia.kz

Дәріханаларды тексеру кезінде полицейлер дәрігерлердің рецептісіз дәрі-дәрмектерді босатудың 9 дерегін анықтады.

Алматы облысында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Алматы облысының аумағында есірткінің ресми айналымындағы құқықбұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасының төртінші кезеңі өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 12 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады. Оның қатарында ҚР ӘҚБтК-нің 424-бабы (Заңсыз медициналық немесе өзге де фармацевтикалық қызмет) бойынша бір дерек бар, бұл ретте құрамында психотроптық анальгетик бар дәрілік зат тәркіленді. Екі құқық бұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы (Есірткі айналымы саласындағы объектілерді техникалық нығайту талаптарын бұзу) бойынша құжатталды.

Дәріханаларды тексеру кезінде полицейлер дәрігерлердің рецептінсіз дәрі-дәрмектерді босатудың 9 дерегін анықтады. Осы барлық деректерге сәйкес әкімшілік құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 426 -бабы (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша жинақталды. Полиция құрамында есірткісі бар препараттарды сату кезінде дәріхана сатушылары жол берген құқық бұзушылық деректері белгілі болған жағдайда, барлық азаматтарды «102» телефонына немесе жақын маңдағы аумақтық полиция бөлімшесіне хабарлауға шақырады.