Алматы облысында департамент басшысы жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді

Алматы облысында департамент басшысы жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді
Сурет: Ratel.kz

Параның көлемі қаншалықты екені айтылмаған. 

Энергетика министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Almaty-akshamy.kz 

Бұл туралы Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті мәлімдеген.

Аталған департаменттің басшысы өзіне бағынышты бас маманның делдалдығы арқылы Талғар АЭЖ қызметкерінен осы мекемедегі электр энергетикасы саласындағы тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды бергені үшін айтарлықтай мөлшерде пара алу күдігіне ілінді.

Аталған тұлғалар пара алу және беру, сондай-ақ, осыған делдал болу фактілері бойынша өз кінәларын толық мойындауларына байланысты ұсталған жоқ. Тергеу жалғасуда.