Алматы облысында да мектептер онлайнға көше ме?

Алматы облысында да мектептер онлайнға көше ме?
Сурет: Qyzylqoga.kz

Алматы облысында оқушы саны 300-ден асатын мектептер онлайн оқиды

Алматы облысында оқушы орны 300-ден жоғары мектептер онлайн оқиды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Мектеп оқушылары 17 қаңтарға дейін демалыста. 17 қаңтардан кейін 300 орынға дейінгі мектептер штаттық режимде жұмыс істейді. Оқушы орны 300-ден жоғары мектептерде оқыту онлайн режимде жүргізіледі»,- делінген ведомствоның Фейсбук парақшасына жариялаған хабарламасында.

Балабақшалар 17 қаңтарға дейін жұмысын уақытша тоқтатты. 17 қаңтардан кейін ата-аналардың өтініші бойынша қызмет көрсетеді.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, төмендегі нысандар көрсетілген уақыт бойынша жұмыс істейді. Талдықорған қаласында ірі және шағын сауда орындары мен базарлар, дәріханалар сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, халыққа қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткілікті.

"Жедел жәрдем" қызметі үздіксіз жұмыс істеп тұр. Жанар-жағармай құю бекеттері ашық. Екінші деңгейлі банктер іске кірісті. Банкоматтарда қолма-қол ақша жеткілікті. Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмысқа кірісті", - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Алматы облысында коронавирус жұқтырғандардың саны өткен тәулікте күрт өсті. 257 адамнан аталған індет анықталды.