Алматы облысында браконьерлерден киік мүйізі толы 13 қап тәркіленді

Алматы облысында браконьерлерден киік мүйізі толы 13 қап тәркіленді
Сурет: ПБ

Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр

Полицейлер ҚР ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жануардың мүйізін заңсыз алып бара жатқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Ұсталғандар Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты.

«Ұсталғандардың бірі тізгіндеген Toyota маркалы көлігінің салонынан Қызыл кітапқа енген жануардың мүйізі толы 13 қап табылып, тәркіленді. Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша тергеу басталды», - деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Тергеу амалдары қолға алынды.