Алматы облысында бомба қойылды делінген колледжден 600-ге жуық адам эвакуацияланды

Алматы облысында бомба қойылды делінген колледжден 600-ге жуық адам эвакуацияланды
Сурет: Inform.kz

Саперлер арнайы операция жүргізіп жатыр.

Алматы облысында бомба қойылды делінген колледжден 600-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«30 қараша күні сағат 12:10-да кезекші бөлімге М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне бомба қойылғаны туралы ақпарат түсті. Полиция қызметкерлері басқа уәкілетті органдармен бірлесіп, 500-ге жуық оқушыны, 97 оқытушыны, 7 техникалық персоналды және 2 күзетшіні эвакуациялады», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство ақпаратына сәйкес, аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша Талғар аудандық полиция бөлімінде тіркелді.

«Қазіргі уақытта саперлер арнайы операция жүргізіп жатыр. Оның нәтижелері бойынша жағдайға құқықтық баға берілетін болады»,- деп толықтырды баспасөз қызметінен.