Алматы облысында Ақсай шатқалы отқа оранды

Алматы облысында Ақсай шатқалы отқа оранды
Сурет: 24.kz

Алматы облысында кешеден бері орман өртеніп жатыр

Алғаш болып өртті «Қазәуеорманқорғау» мекесінің мамандары байқаған. Өртке оранған туристерге Ақсай шатқалы ретінде белгілі. Аумақ Іле Алатауы ұлттық паркінің Қаскелең орманшылығына қарайды. Отты өшіру әзірге мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін су таситын тікұшақ қатты жел мен шаңды дауылдың кесірінен тауға бара алмады. Өрт техника жетпейтін тау-тасты жерде болғандықтан оны сөндіру қиынға соғып тұр. Қазір шығу себебі анықталып жатыр. Қала тұрғындары тауға шығып, от жаққан деген де болжам бар.

«Қазіргі таңда өрт сөндіруге жұмылдырылған күштер Қазавиаорманқорғау мекмесінен 10 адам, Іле Алатауы ұлттық паркінен 60 адам, Қарасай ауданы Алматы облсының ТЖ қызметкерлері 19 адам. Қазіргі таңда өрттің аумағы 1 гектарды құрайды», - дейді «ҚазӘуеОрманҚорғау» РМКК бөлім басшысы Бауыржан Төлепбергенов.