Алматы облысында ақтүтек боранға байланысты 5 жол учаскесі жабылды

Алматы облысында ақтүтек боранға байланысты 5 жол учаскесі жабылды
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы облысындағы республикалық жолдардың бірқатар учаскелері ақтүтек боран тұрып, айналаның көріну деңгейінің нашарлауына байланысты жабылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"ҚазАвтоЖол" ЖШС-ның Алматы облыстық филиалы хабарлағандай, ауа райының нашарлауына байланысты (ақтүтек боран, айналаның нашар көрінуі) 2022 жылғы 26 қарашада мына жол учаскелерінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді:

"Алматы-Шелек-Қорғас": 136-246 км, Байсейіт-Шонжы ауылдары, Еңбекшіқазақ ауданы, Ұйғыр ауданы (сағат 20:30-дан бастап);

"Көкпек-Кеген-Түп": 0-26 км, Көкпек-Ақсай ауылдары, Еңбекшіқазақ ауданы (сағат 21: 30-дан бастап);

"Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас": 135-230 км, Байсейіт-Көкпек ауылдары, Еңбекшіқазақ ауданы (сағат 19: 00-ден бастап).

"Алматы-Өскемен": 16-241 км (сағат 19:40-тан бастап);

"Алматы-Ташкент-Термез": 20-143 км, Райымбек ауылы, Қарасай ауданы, Жамбыл облысының шекарасы (сағат 22:30-дан бастап).

Алматы облыстық ТЖД азаматтардан осы бағыттағы жол жүрісінен бас тартуды және жолға шығар алдында алар бағытын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды, сондай-ақ 112 қызметі жолдаған СМС-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды да ескертеді.