Алматы облысында 86 адамнан коронавирус анықталды

Алматы облысында 86 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Kt.kz

Науқасы анықталған 86 адамның екеуі - бала. 


Соңғы тәуліктегі көрсеткіш бойынша, Алматы облысында 86 адам коронавирус жұқтырды, вирустың тарау қарқыны 0,3% құрап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Вирус жұқтырғандардың 62-сінде аурудың белгілері бар (72,1%) және 24-і симптомсыз (27,9%). Коронавирус анықталған 86 адамның ішінде 5 жасқа дейінгі балалар мен оқушылардың саны – 2.  

Облыс өңірлері арасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші: 
Ақсу-3, 
Балқаш-1, 
Еңбекшіқазақ-3,
Ескелді – 2, 
Жамбыл–2, 
Іле-7, 
Қарасай-4, 
Қаратал-4, 
Кербұлақ-1, 
Көксу-3, 
Панфилов–7, 
Талғар – 28, 
Ұйғыр – 1, 
Талдықорған-19, 
Текелі-1. 

8 шілдедегі мәлімет бойынша, 26 665 науқас жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 11 пациент шығарылды, 29 адам  оқшаулаудан шығарылды.