Алматы облысында 49 адамнан коронавирус анықталды

Алматы облысында 49 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Gov.kz

Бұл - тек соңғы тәуліктегі көрсеткіш.

КВИ жұқтырған 49 адамның 15-і - 5 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Індет жұқтырғандардың ішінде  40 симптомдық, 9 симптомсыз науқас тіркелген.

7 шілдеде облыс өңірлері арасында коронавирус анықталған аймақтар:

Балқаш – 2,

Еңбекшіқазақ – 1,

Жамбыл – 3,

Іле – 6,

Қарасай – 7,

Қаратал – 4,

Талғар – 12,

Ұйғыр – 1

Талдықорған – 8,

Текелі – 3.

Бір тәулік ішінде стационардан 10 пациент жазылып шықты, 30 адам үй карантинінен шығарылды. Жалпы, коронавирус індеті тарағалы өңірде қауіпті вирустан 26 625 науқас жазылып шыққан.