Алматы облысында «30 жылдыққа 30 игі іс» акциясы басталды

Алматы облысында «30 жылдыққа 30 игі іс» акциясы басталды
Сурет: Kznews.kz

Ардагерлерге «Еңбек даңқы» төсбелгісі тарту етілді

Алматы облысы, Панфилов ауданында ауылшаруашылық саласының ардагерлері марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy«Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Оларға  Жаркент және Жаскент ауылындағы төрт отбасына үй берілді. Жергілікті шаруа қожалығы өз жұмысшыларына салып берген 114 шаршы метрлік баспанада тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған. Қоныс тойын тойлағалы жатқандардың бірі - Жәмилә Әскербек. Екі баланың анасы үй шаруасымен айналысады. Ал отағасы мал бағады екен.

«Көп армандадық. Қалалық жерден үй беріледі дегенді естіп қуанышымды жасыра алмай отырмын. Мұндай үйге жеткен де, жетпеген де бар ғой. Бұйырса, балаларымызды осы жерде оқытамыз. Анас Ахатұлы, «Ауыл» ХДПП хатшысы: – Қарашаның сегізінен бастап желтоқсанның 16-на дейін ауызсу құбырын жүргізу, ауылға жарық жүргізу, сонымен қатар спорт мектептерін ашу, өзге де түрлі мәдени іс шаралар, жарыстар бар. Соның барлығын топтастырып, 30 жылдыққа арнайы акция өткізіп жатырмыз», - Жаскент ауылының тұрғыны Жәмилә Әскербек.