Алматы облысында 249 ер-азамат әкімдікке үміткер

Алматы облысында 249 ер-азамат әкімдікке үміткер
Сурет: Almaty.tv

Жалпы, сайлауға 279 үміткер қатысады.

Алматы облысында ауылдық округ әкімдерінің сайлауына саяси партиялардан және өзін-өзі ұсыну арқылы 279 үміткер ұсынылған. Орташа бәсекелестік деңгейі 3,9 адамнан келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұсынылған 279 үміткердің 249-ы - ер, 30-ы - әйел азаматшалар. Үміткерлердің орташа жасы - 41,3 жас.

«Алматы облысында 71 ауылдық округте әкімдер сайлауы өтеді. Бұл ретте 60 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 11-і өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты сайланады. Өз кандидаттарын ұсынған саяси партиялар қатарында Nur Otan партиясы, «Ауыл» ХДПП, «Ақ Жол» ҚДП, «АDAL» СП, ҚХП, ЖСДП бар», – делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.