Алматы облысына ауа райына қатысты ескерту жариялады

Алматы облысына ауа райына қатысты ескерту жариялады
Сурет: Inbusiness.kz

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Жетісу және Іле Алатауы тауларында қатты жауын-шашын болады, деп Almaty-akshamy.kz облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

«Қазгидромет» РМК-ның 2022 жылы 28 наурыздағы ескертуі негізінде 29-30 наурыз күндері Алматы облысының Жетісу және Іле Алатауы тауларында қатты жауын-шашын (көктайғақ, қар және тұман) күтіледі. Сондай-ақ, Алматы облысының аумағында оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 18-23 м/с жетеді», - делінген хабарламада.