Алматы облысы Жібек Жолы ауылында жоғалған бала әлі табылмады

Алматы облысы Жібек Жолы ауылында жоғалған бала әлі табылмады
Сурет: Zakon.kz

3 аптадан бәрі туыстары іздеп жатыр

Алматы облысы Жібек Жолы ауылында жоғалған 15 жастағы бала әлі табылмады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Оны 3 аптадан бәрі туыстары шарқ ұрып іздеп жатыр. Кәмелет жасына толмаған боз бала күндіз үйінен шығып, қайтып оралмаған. Бүгінде полиция қызметкерлері төңірек пен жазықтың бәрін дерлік қарап шықты. Іздеу жұмыстарына еріктілер де жұмылған. Айта кетсек, баланың жоғалғанын туыстары полицияға бірден хабарламаған.

«Туыстары баланы өз күшімен іздеп, 18 күннен кейін арыз жазды. Себебі бұған дейін де өзі кетіп, оралатын. Қазіргі таңда іздеу жұмыстары жүргізілізіп жатыр. Егер де Балмағанбетов Айдостың жайында қандай да бір мәлімет білсеңіз, полицияға хабарлауыңызды сұраймыз», – деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.