Алматы облысы маңынан қару-жарақ табылды

Алматы облысы маңынан қару-жарақ табылды
Сурет: Ашық дереккөз

Қарулар қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болуы мүмкін

13 ақпан жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД жедел бөлім қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы-Өскемен автожолында, Арман ауылының маңынан қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полиэтилен пакеттің ішінен қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болуы мүмкін BENELLI 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық табылған.

Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі бойынша Қонаев ҚПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және тергеу жүргізіліп жатыр.