Алматы облысы аумағында жасырылған қару-жарақ табылды

Алматы облысы аумағында жасырылған қару-жарақ табылды
Сурет: 24.kz

Аталған дерек Іле аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекcтің 287-бабы бойынша тіркелді. 

Іле ауданында болған жедел іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары үш Калашников автоматын, Макаров жауынгерлік тапаншасын, екі граната мен жүзден астам түрлі патронды тауып тәркіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Іздестіру жалғасып жатыр.