Алматы Нұрғиса Тілендиевті еске алмақ

Алматы Нұрғиса Тілендиевті еске алмақ
Сурет: Martebe.kz

Еске алу шарасына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Н.Тілендиевтің туыстары қатысады.

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Камералық залына КСРО Халық артисі, Халық қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің есімін беру салтанатты рәсіміне орай мемориалды тақтаның ашылуы және композиторды еске алу кеші өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мемориалды тақтаның салтанатты ашылуынан кейін Камералық залда Н.Тілендиев атындағы мемориалды музейінің экспонаттар көрмесі қойылады.

Сонымен қатар, сағат 19:00-де филармонияның үлкен залында Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі мен Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы мерейтойлық концерттік бағдарламасын ұсынады.