Алматы мәслихатына жаңа депутат тіркелді

Алматы мәслихатына жаңа депутат тіркелді
Cурет: Ult.kz

Шығып қалған депутаттың орнына сайланым өтті.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша 2021  жылы 18 қыркүйекте Алматы қаласы мәслихатының VII сайланымында жаңа депутат тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Шығып қалған депутаттың орнына «Sheber partners» ЖШС бас директоры Ералы Болатұлы Сауранбаев сайланды.
Мәліметте көрсетілгендей, Ерлан Сауранбаев Nur Otan партиясының мүшесі, Алматы қаласында тұрады. Ұлты қазақ.  Ол 1979 жылы туған.