Алматы метросында пойыздың не үшін тоқтап қалғаны белгілі болды

Алматы метросында пойыздың не үшін тоқтап қалғаны белгілі болды
Cурет: Inform.kz

Алматы метросында пойыздың не үшін тоқтап қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Метрополитен» КМК баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Алмалы мен Абай стансалары аралығында пойыздың өрт дабыл жүйесі іске қосылған.

«Машинист көрсеткіштердің дұрыс қосылмағанына көз жеткізіп, қосалқы поезды талап етті. Соның көмегімен пойыз Абай стансасына жеткізіліп, кейін электродепоға шығарылды. Қазіргі уақытта жабдық іске қосылды, пойыз жарамды күйде. Техникалық байқау мен сынақтардан өткен соң желіге жіберіледі»,- деп атап өтті «Метрополитен» КМК баспасөз қызметі.

Қозғалыс кестесінің үзілуі 28 минутқа созылды. Сағат 18:00-де пойыздардың қозғалыс кестесі қалпына келтірілді.