Алматы метросында 20 жастағы жігітті тапаншамен қорқытып, соққыға жыққан

Алматы метросында 20 жастағы жігітті тапаншамен қорқытып, соққыға жыққан
Cурет: Inform.kz

Куәгерлер оқиғаны суретке түсіріп, әлеуметтік желіге салған

Алматы метросында екі ер адам 20 жастағы жігітті тапаншамен қорқытып, соққыға жыққан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жанжал салдарынан 20 жастағы жас жігіт жарақат алған.
Оған медициналық көмек көрсетілді.

«Күдіктілер ұсталды. Олардан қарсыласын қорқытқан тапанша тәркіленді. Тапаншаның кімге тиесілі екенін анықтау үшін сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Тексеру кешенінің қорытындысына қарай күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Метродағы төбелесті куәгерлердің бірі суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.