«Алматы менің жүрегімде»

«Алматы менің жүрегімде»
almaty-akshamy.kz

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Қала күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Алматы менің жүрегімде» атты балалар шығармашылығының көрмесі ашылды.

Музей жыл сайын республикамыздың мәдени астанасы болып табылатын Алматы қаласының тарихы мен қазіргі дамуының түрлі аспектілерін көрсететін балалар суретінің көрмелерін өткізіп келеді. Балалар шығармашылығының көрмелері балаларға өз тарихын, қаламыздың бүгіні мен болашағын, қоршаған әлемге деген көзқарасын, суреттер арқылы өздерінің эмоциялары мен көңіл-күйлерін жеткізуге мүмкіндік береді.

Көрмеге Алматы қаласының бейнелеу студияларының, көркемөнер мектептерінің, білім беру және дамыту орталықтарының талантты, ынталы, жас суретшілері қатысты: «АртУм» балаларды дамыту орталығы, «Рембрандт» арт-студиясы, «Умка» балалар білім беру орталығы, «Genus» балалар орталығы, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мектеп-интернаты, «Солнышко Арт-студиясы», «Творим вместе» «Ты художник» шеберханасы, «ArtMixstudio» шығармашылық студиясы, №68 мектеп-гимназия, «Подснежник» көркем білім беру студиясы, «Тұран» мектеп-лицейінің «Шабыт» студиясы, «Бөбек» ҰО «Самопознание» гимназиясы. Көрмеге 5-17 жас аралығындағы балалар қатысады. Түрлі техникалар мен жанрларда орындалған өз жұмыстарында балалар көптеген көрікті жерлерді, мәдениет пен тарих ескерткіштерін, саябақтар мен скверлерді, жылдың барлық мезгілдеріндегі табиғат сұлулығын, түрлі-түсті натюрморттарды, қаланың, еліміздің рәміздерін және т.б. бейнелеген.

Көрме экспозициясында балалардың әртүрлі және бірегей жұмыстары ерекше қызығушылық тудырады: Нарынова Анельдің «Алматы – менің махаббатым», «Ботаникалық бақ», Нарынов Тайыр «Тұңғыш Президент саябағы», Спицына Альбина «Алмамен әжем», Дашкевич Лидия «Даланың жаңғыруы», Вольская Екатерина «БАО», Кривко Алина «Республика жетістіктері», Маркина Елизавета «Қапшағай сулары», Мурдунов Исламжан «Алма-Арасан» және 100-ден астам балалардың жұмыстары қойылған. ​

Көрме 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.