Алматы мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

Алматы мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Tengrinews.kz

25 маусым күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, cенбіде еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады. Тек Алматы және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.