Алматы мен Петропавл мен арасында қатынайтын пойыздан өрт шықты

Алматы мен Петропавл мен арасында қатынайтын пойыздан өрт шықты
сурет:sputnik.kz

Пойызда 235 жолаушы болған.

Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызынан өрт шығып, жол бойында тоқтауға тура келген, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 3 ақпан сағат 21:57-де Қарағанды облысының «Аршалы – Анар» теміржол учаскесінде құрамның соңындағы техникалық вагоннан өрт шықты. Салдарынан №105/106 «Петропавл – Алматы» пойызының қозғалысы тоқтатылды. Пойызда 235 жолаушы болған», – делінген ресми ақпаратта.

Қазіргі уақытта өрт сөндірілді және құрбан болғандар немесе зардап шеккендер жоқ.

«Жолаушыларды Алматыға жеткізу үшін Астанадан жеті купелі және бір плацкарт вагоннан тұратын пойыз жіберілді», - дейді ведомстводан.

Арнайы комиссиясы оқиғаның жай-жапсарын анықтауға кірісті.

«Жолаушыларға жүк және теміржолмен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес, жол жүру құнының айырмасы төленеді», - дейді ұлттық компанияның баспасөз қызметінен.