Алматы мен қала тауларында қатты жаңбыр болады

Алматы мен қала тауларында қатты жаңбыр болады
Сурет: Pravda.com.ua

Мамандар дауылды ескерту жасап жатыр.

Мамырдың 19 күні Алматыда найзағай ойнап, жел соғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«19 мамырда кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, найзағай кезінде жел екпіні секундына 15 метрді құрайды.Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, жауын-шашын кезінде ғимараттар мен үй-жайлардан мүмкіндігіңізше шықпаңыз! Көліктерді ағаштардың астында қалдырмаңыз!», - делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, Алматы маңындағы тауларында 19 мамырда кей уақытта найзағай, бұрашақ, дауыл болатыны туралы хабарлайды.

«Найзағай кезінде жел екпіні оңтүстік-батыстан қарай секундына 15-20 метрге дейін соғып,дауыл кезінде 24-29 метрге дейін жететіні туралы хабарлайды!
Тауға шықпауларыңызды сұраймыз! 112 ескертулер мен медиа, теледидар, радиохабарларын мұқият тыңдаңыз !», - деп хабарлады мамандар.