Қалада ауа сапасы нашарлайды

Қалада ауа сапасы нашарлайды
сурет: Inform.kz

11 шілде күні Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, дүйсенбі күні атмосфералық ауа сапасы тек Алматы мен Ақтөбе қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.