Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры халықаралық фестивальде жүлдеге ие болды

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры халықаралық фестивальде жүлдеге ие болды
Cурет: Қуыршақ театры

Театр «Мен бір жұмбақ адаммын. Абай» спекталімен қатысты.

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры Көкшетау қаласында өткен ІІІ Халықаралық TeART-Көкше фестиваліне қатысып, жүлдеге ие болғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталған театр «Мен бір жұмбақ адаммын. Абай» спекталімен қатысып, «Ең үздік режиссура» номинациясы бойынша жүлделі дипломға ие болды. 
Сондай-ақ, театр ұжымы Татарстан Республикасында өтетін театр фестиаліне шақырту алды.

«Режиссер Антон Зайцевті және барша театр ұжымын өнер додасындағы жетістігімен құттықтаймыз! Фестиваль ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз!»,-делінген хабарламада.