Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңында жер сілкінді
Cурет: Egemen.kz

ТЖД жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін ескертті.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 19 қыркүйек күні 09 сағат 01 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарға, полиция департаментіне, Қазселденқорғау департаментіне, прокуратураға және басқа да ұйымдарға хабарланды. Сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен құрбандар туралы хабарлама түскен жоқ.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 187 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы 8.1. Магнитудасы 3.7. MPV. Бағыты 44.73°с.е. 77.89° ш.б. Тереңдігі - 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.

Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін еске салады:
- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- алдыңғы есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды өзіңізге қаратып, күрделі қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алысырақ тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- лифтілерді пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жақпаңыз:
- антенна кабеліне, сымдарға тиіспеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.