Алматы маңындағы жабайы қызғалдақ алаңында көлік жүргізушісі дрифт жасаған

Оқиға куәгерлері Алматы маңындағы көкнәр алқабында жүрген BMW көлігін видеоға түсіріп алды.
Әлеуметтік желіде BMW түсірілген видео тарап жатыр. Кадрларда көлік жүргізушісі гүлдер алқабында айналып жүргені көрсетілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Astanatv.kz-ке сілтеме жасап.
«Мен оған ескерткен едім, ол: "Өзгенің ісіне араласпа", - деп жауап берді. Сосын мұның бәрін неге бүлдіріп жатқанын сұрадым. Ол: "Қалағанымды істеймін" деді ме, сол сияқты бірдеңе деп жауап берді», - дейді видео сыртындағы дауыс.
Видеоның сипаттамасында оқиға Талдықорған-Қонаев тасжолы маңындағы Арқарлы асуы мен Шеңгелді ауылы арасындағы гүлдер алқабында болғаны айтылған.