Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңында жер сілкінді
Сурет: Inform.kz

Сезілуі туралы дерек жоқ.

 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 20 қыркүйек күні 15 сағат 53 минут 52 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 143 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында жатыр. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.2. Магнитудасы MPV - 4.4. Ошағының бағыты 43.07° с.е. 78.66° ш.б. Тереңдігі – 10 км. Сезілуі туралы дерек жоқ», - делінген хабарламада.