Алматы маңында қару-жарақ жасырынған жер табылды

Алматы маңында қару-жарақ жасырынған жер табылды
Суреттер: Inform.kz

Шопан қала маңынан қару-жарақ пен арнайы оқ-дәрілер жасырылған жерді тауып алды

Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әскери оқ өткізбейтін кеудеше, каска, травматикалық тапанша мен ондаған патрон тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Біздің бөлімшеге У. есімді азамат хабарласып, «Дархан» ықшамауданындағы сайда мал бағып жүрген кезінде қару-жарақ арсеналын тауып алғанын айтты. Ақпарат расталды. Жедел тергеу тобы каска, оқ өткізбейтін кеудеше, Калашников автоматынан патронсалғыш, 7,62 мм калибрлі 20 патрон, «Беретта» травматикалық тапаншасы, резеңке таяқшалар, «Макаров» тапаншасынан 19 патрон және белгісіз травматикалық тапанша тапты», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Оның айтуынша, табылған арсеналдың меншік құқығы мен қайдан алынғаны одан арғы тексеру барысында анықталады.

«Арсеналды жасырған тұлғалар анықталып, жауапқа тартылады», - деді ол.