Алматы маңында қар көшкіні болуы мүмкін 165 қауіпті аумақ бар

Алматы маңында қар көшкіні болуы мүмкін 165 қауіпті аумақ бар Сурет: Awesomeworld.ru

16 құтқарушы, 4 арнайы техника күн-түн демей жұмыс істейді.


Алматы маңында қар көшкіні болуы мүмкін деген қауіпті 165 аумақ бар. Соның бірінде 17 наурыз күні 30 мың шаршы метр болатын қар көшкіні болған еді. Мамандар бұл аумақтардың барлығы дерлік жіті бақылауда екенін айтады. Алайда апат айтып келмейді, алдын алу шаралары жиі жасалуы тиіс дегенді алға тартады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


Айына шамамен 200 мыңға жуық келушіні қабылдайтын «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты көшкін қаупі бар аумаққа жататындықтан, мұнда сақтық шаралары қатаң сақталады дейді мамандар. Ол үшін тың техника мен тазартқыш құралдары пайдаланылады екен.


Қала жұртшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қар көшкінінің алдын алу үшін 2860 метр биіктікте 16 құтқарушы, 4 арнайы техника күн-түн демей жұмыс істейді.


Құтқару қызметкерлері ереже бұзатын ел-жұрттың да баршылық екенін жасырмады. Олар шаңғы тебетін арнайы аумақтан асып, қоршауды бұзып барып сырғанайды дейді. Бұл өз кезегінде қардың опырылуына ықпал ететінін жеткізді.


Қар көшкіні қаупі әлі де бар деген қалалық «Қазселденқорғау» мамандары 82 мың шаршы метр болатын аумақты қазір бақылауға алдық дейді. Олардың айтуынша, Алматыдағы Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында 165 қауіпті жер бар екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04