Алматы маңында ерлі-зайыптылар мефедрон өндірген

Алматы маңында ерлі-зайыптылар мефедрон өндірген
Сурет: Polisia.kz

Қылмыстық өндіріс Алматы облысы Іле ауданындағы үйлердің бірінде орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«36 жастағы Ж.есімді азамат пен 29 жатсағы Ж.есімді азаматша ұсталды. Олар ерлі-зайыптылар болып шықты. Жалдамалы баспанасынан екі келіден астам ұнтақты зат, 7 литр сұйықтық құйылған шыны колба, канистрдегі 40 литрге жуық химиялық заттар, 7 келіге жуық ұнтақталған химиялық заттар, есірткіні сатушылардың синтетикалық есірткі – мефедрон жасау кезінде пайдаланған өсімдіктері бар түптері мен құралдары табылды. Іскер жұп нұсқаулықтарды интернет арқылы, ал шикізаттарды жасырылған орындардан алғанын айтты. Ұсталғандардың айтуынша, “жұмыс беруші” синтетикалық есірткінің әр келісі үшін 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беруге уәде еткен», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Аталған дерек ҚР ҚК-ның 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Айғақты заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Қылмыстық істі аумақтық бөлінісі бойынша Алматы облысы Іле ауданының полиция басқармасы тергеп жатыр