Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңында жер сілкінді
Cурет: Inform.kz

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.0.

"ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі 2022 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 16 сағат 01 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 9.9 км жерде Алматы ҚР аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.0.

MPV магнитудасы 3.1.

Эпицентрдің координаттары 43.11° с.ш. 76.90° в.д.

Тереңдігі 10 шақырым.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша) Алмарасан шатқалы 2 балл.

Алматы қаласы ТЖД-і жер сілкінісі салдарынан ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай байқалмағанын хабарлады.

«112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ. «Қазселденқорғау» ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қауіпті және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ»,-делінген хабарламада.