Алматы құтқарушылары дауылды ескерту жасады

Алматы құтқарушылары дауылды ескерту жасады
Сурет: Inform.kz

Қатты жауын-шашын болады.

Алматы қаласының құтқарушылары 21-23 маусым күндері қатты жауын-шашын болатынын айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алматы тауларында қатты жауын-шашын болжамына байланысты 2022 жылдың 21-23 маусым аралығында Алматы қаласы маңындағы таулы аудандарда баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі»,- делінген Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осыған байланысты мамандар тұрғындарды қатты жауын-шашын кезінде ғимараттар мен үй-жайлардан шықпауға шақырды.

«Машиналарды ағаштардың астына қалдырмаңыз! «112» ескерту сигналдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының, теледидардың, радионың хабарламаларын қадағалаңыз!» - деп ескертті.