Алматы көшелерінің шамдары неліктен күндізгі уақытта жанып тұрады?

Алматы көшелерінің шамдары неліктен күндізгі уақытта жанып тұрады?
Сурет: Inform.kz

Мұндай жағдайларда қайда жүгіну қажет?

«Алматы Қала Жарық» МКК диспетчерлік қызметіне 300-75-41, 300-75-42 телефондары арқылы хабарласыңыз, өтінімдер тәулік бойы және демалыссыз қабылданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Шамдарды күндізгі уақытта қосу жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне байланысты, қаланың сыртқы жарықтандыру желілерін қалпына келтіру және түнгі кезекшілік кезінде анықталған ақауларды жою үшін жүргізіледі.

Күндізгі уақытта жанып тұрған шамдар анықталған жағдайда, «Алматы Қала Жарық» МКК диспетчерлік қызметіне 300-75-41, 300-75-42 телефондары арқылы хабарласыңыз, өтінімдер тәулік бойы және демалыссыз қабылданады.

Сондай-ақ, көше шамдарын өшіру туралы «Алматы Қала Жарық» МКК-ның Instagram және Facebook парақшаларына жазу арқылы хабарлауға болады.