Алматы көшелерін тазартуға 600-ден астам техника тартылды

Алматы көшелерін тазартуға 600-ден астам техника тартылды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Көктайғаққа қарсы 611 тонна құм себілді

7 ақпан күні сағат 02.00-ден бастап Алматы қаласында қар жауа бастады. Таңғы сағат 07.00-дегі жағдай бойынша, қалада 3-5 см, тау бөктері мен таулы аудандарда 10-12 см қар жауды. Бұл туралы Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы хабарлады.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауа салысымен жолдарға көктайғаққа қарсы 611 тонна материал себілді. 
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, қоғамдық орындарды орындарды тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстарына барлығы 548 бірлік техника, оның ішінде 202 құмшашқыш және 361 жол жұмысшысы шықты.

Таңертеңнен бастап 611 бірлік арнайы техника, 205 құмшашқыш және 1665 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда қар тазалау жұмыстарының барысын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

"Қазгидрометтің" болжамы бойынша, қар аралас жауын-шашын үзіліспен түседі деп күтілуде және күннің екінші жартысында аяқталады. Ауа температурасы бүгін күндіз 0, +2 градус, тұман, көктайғақ.