Алматы қорытынды емтихан мен мектеп бітіру кештері қашан өтеді ?

Алматы қорытынды емтихан мен мектеп бітіру кештері қашан өтеді ?
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының 9-сынып бітірушілер үшін қорытынды мектеп бітіру емтихандары  2 - 13 маусым аралығында өтеді,  ал 11-сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5 – 19 маусым аралығында болады. Ақпаратты ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева айтты. Сондай-ақ, ол бітіру кешін қалай өткізу ұсынылғанын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жылына 4 рет (қаңтар-ақпан, наурыз, мамыр-шілде, тамыз) өткізіледі. Қазіргі уақытта 18 мамырдан 5 шілдеге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткізіледі.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Жанат Айтпаева техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін дипломдарды салтанатты түрде тапсыру рәсімін 28 маусым мен 1 шілдеаралығында өткізу ұсынылатынын айтты.

Жалпы орта білім беру туралы аттестатты 11-сынып түлектеріне тапсыру салтанатын өз мектептерінің қабырғасында 20-22 маусымда өткізуді ұсынылады.

"Білім басқармасы сынып сағаттары мен салтанатты жиын ұйымдастыру кезінде дипломдар мен сертификаттарды салтанатты түрде табыстау болатынын еске салады, педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шараларды өткізуге, аниматорларды, демалыс агенттіктерін, жеке студияларды тарту үшін ата-аналардан қаражат жинауға жол берілмейді. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық ретінде қаражат жинауға тыйым салынады", - деп атап өтті білім басқармасы басшысының орынбасары.