Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі мегаполисті қысқа мерзімде қалпына келтіретініне сенеді

Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі мегаполисті қысқа мерзімде қалпына келтіретініне сенеді
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, құрылыс компаниясының директоры Тимур Нұртаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын көргеннен кейін өз ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Мен саяси өмір туралы сирек сөз етемін. Бірақ ел Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың бүгінгі сұхбаты туралы алған әсерімді шет қалдырмай, бөліскенді жөн көрдім. Әкімдердің жұмысына жан-жақты талдау жүргізу қажеттігімен келісемін, бірақ бұл ретте Мемлекет басшысы оларды ауыстыруды мақсат етпейді. Президент сұхбатында өңірлердегі қала басшыларына қойылатын негізгі талап азаматтардың әл-ауқатын арттыру екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлының алматылық ретінде біздің қаламыздағы жағдайды қадағалап, жеке бақылауында ұстауы қуантты. Алматы қысқа мерзімде қалпына келеді деп үміттенеміз!» - деді Т. Нұртаев.