Алматы әкімдігі қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударды

Алматы әкімдігі қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударды
Cурет: Ашық дереккөз

Алматы әкімдігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударды. Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабтың отырысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі отырысында берген тапсырмасын орындау аясында «Қазақстан халқына» қоры құрылып, қор басшысы тағайындалды. Осыған байланысты Алматы қаласы әкімдігі қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударуға шешім қабылдады», – деді қала әкімі.

Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабтың отырысын төмендегі сілтемеден көре аласыздар.