Алматы хайуанаттар бағында той

Алматы хайуанаттар бағында той
Сурет: Ашық дереккөзі

5 тамызда сүйкімді әрі өте қауіпті жылан Гюрза өзінің 12 жасын тойлап жатыр. Бұл туралы Алматы хайуанаттар бағы өзінің Telegram-дағы каналында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жыланның есімі – Гюрза. Бүгін 12 жасқа толды. Зообақ Гюрзаға ұзақ ғұмыр тіледі.

"Жыланды туған күнімен құттықтаймыз. Оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз", – деп жазды Алматы хайуанаттар бағы.

Бұған дейін Алматы хайуанаттар бағы қолтырауын мен тасбақаларды қалай тамақтандыратынын көрсеткен еді.