Коронавирус: Алматы халқының иммундық қабаты 42% -ды құрады

Коронавирус: Алматы халқының иммундық қабаты 42% -ды құрады
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қаладағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі. 

Алматы қаласындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай қауырт, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала қызыл аймақта болуын жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында  өткен онлайн брифингте Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
 
Бас санитардың айтуынша, тамыз айының 27-не дейін КВИ-дің 39,2 мыңнан астам жағдайы тіркелген, бұл жыл басынан бері 121,2 мың жағдайдың 32%-ын құрайды. 

«23 тамыздан бастап КВИ-дің тәуліктік өсімі 1,1% (пайыз) деңгейінде қалып отыр, бұл қоғамдағы науқастардан инфекцияның әлі де жоғары берілуін көрсетеді-R саны (жұқтыру индексі) 1,02 құрайды (1 науқастан 1 қарым қатынаста болған адамға жұқтырады). «Симптомдық» науқастардың үлес салмағының артуы жалғасуда - соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда 94,2%-дан 95%-ға дейін өсті», - дейді Бекшин.

Жиын барысында ол Алматы қаласы халқының иммундық қабаты 42%-ды құрағанын жеткізді.